«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында челябинскілік «Трактордан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Челябинскілік команда 3:2 есебімен басым түсті.
Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды, алайда овертаймда алаң иелері жеңісті жұлып әкетті. «Барыс» кездесуді белсенді бастады және екі рет алға шыққанымен, «Трактор» екі жағдайда да есепті теңестірді, ал қосымша уақытта өз басымдығын тиімді пайдаланды.
12 қазан күні «Барыс» өз алаңында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын қабылдайды.
«Трактор» (Челябинск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:2 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
0:1 — 01:12 Мұхаметoв (Қайыржан, Шайхмедденов)
1:1 — 22:48 Светлаков (Глотов, Гросс)
1:2 — 32:59 Симонов (Уолш, Николишин)
2:2 — 39:21 Кадейкин (Глотов, Дэй)
Қақпашылар: Мыльников — Шутов
«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартқа отырды