«Қайратқа» қарсы матч Мбаппенің денсаулығына кері әсер етті

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайратқа» қарсы матчта (5:0) жарақат алған. Бұл туралы испаниялық журналист Альберто Перейро Onda Cero радиосына берген хабарында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Перейроның мәліметінше, Мбаппе екінші таймда тобығын созып алған. Соған қарамастан, ол ойынды соңына дейін жалғастырып, кейінгі турда «Вильярреалға» қарсы матчқа да шыққан. Алайда гол соққаннан кейін француз шабуылшысы қайтадан ауырсыну сезінген.
Соңғы күндері Килиан Франция құрамасының жаттығуларына толық қатыспай, тек аз бөлігіне қосылып, кейін жеке залда қалпына келтіру жаттығуларын жасаған.
Айта кетейік, Алматыда өткен ойында Мбаппе хет-трик авторы атанған болатын. Сондай-ақ, «Реал» сапынан Эдуарду Камавинга мен Браим Диас та бір-бір голдан соқты.
Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу өткізді
2014 жылғы атышулы дрон инцидентінің авторы матчтың келісілгенін мәлімдеді