Албаниялық Исмаил Морина: «Сербия мен Албания арасындағы ойын келісілген»

2014 жылы Сербия мен Албания құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында дрон ұшырып, үлкен дау туғызған албаниялық Исмаил Морина сол кездегі ойынның келісілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сербия футбол федерациясы Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңі алдындағы жағдайды сабырға шақыруға тырысуда. Алайда Албания тарапынан түрлі арандатулар жиіленіп кетті. Солардың бірі — 11 жыл бұрын дрон арқылы «Ұлы Албания» туын ашып, стадионда дүрбелең тудырған Морина.
Келер 11 қазанда Лесковаце қаласында өтетін Сербия – Албания матчының алдында ол әлеуметтік желіде даулы мәлімдеме жасап, алдағы ойынның да келісілгенін айтты.
«2015 жылдың 8 қазанындағы Албания – Сербия матчының қалай аяқталатынын үкімет алдын ала шешіп қойған болатын. Бұл жолы да бәрі келісілген. Бірақ енді тек үкіметтің шешімімен шектелмейді, Тирана мен Белградтағы ықпалды топтар нәтижеге тікелей әсер етуде», – деп жазды Морина.
Ол футболшыларды ар-намысты сақтауға шақырды:
«Бұл – жай ғана матч емес, ар-ождан сыналатын сәт. Футболка киіп шығу — жауапкершілік. Әр ойыншы өз шешімін өзі қабылдауы керек», – деді ол.
Айта кетейік, Сербия мен Албания құрамалары Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі кездесуін 11 қазанда Лесковаце қаласында өткізеді.