«Қайрат» словениялық қорғаушы Свен Каричке қызығушылық танытты

«Қайрат» словениялық қорғаушы Свен Каричке қызығушылық танытты

UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысып жатқан алматылық «Қайрат» Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін еуропалық қорғаушыға назар аударып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz На Бровке | Инсайды арнасына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, словениялық қорғаушы Свен Карич «Қайраттың» трансферлік тізімінде бар. Клуб 27 жастағы ойыншыны қорғаныс шебін күшейтудің және Сорокиннің орнын алмастыратын нұсқаның бірі ретінде қарастыруда. Ресейлік қорғаушының «Қайратпен» келісімшарты биылғы желтоқсанда аяқталады.

Карич 2024 жылдың қыркүйегінде «Пари НН» сапына словениялық «Марибордан» 600 мың еуроға ауысып келген. Қазіргі келісімі 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, қорғаушының нарықтық құны — 1,2 миллион еуро.

Свен Карич Словения ұлттық құрамасында екі матч өткізген, соңғысын 2025 жылдың маусымында. Биылғы РПЛ маусымында ол 11 ойынға қатысқан. Айта кетейік, «Пари НН» клубының бас бапкері — «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Шпилевский.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или