NAVI мен FaZe плей-оффқа шықты — қарсыластары белгілі болды

ESL Pro League 22 маусымының плей-офф кезеңіне өтетін барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Natus Vincere шешуші ойында The MongolZ командасын 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Соңғы уақытта әлемдік рейтингте көш бастаған моңғолиялық ұжым Швецияда бұрынғы қарқынын көрсете алған жоқ. Команда ойыншылары бұған ұзақ сапарлар мен дайындықтың аздығын себеп етті. Ал NAVI тұрақтылық танытып, үздік сегіздікке сенімді түрде енді.
Сондай-ақ француздық 3DMAX ұжымы G2 командасын жарыстан шығарды. Филипп Graviti Бранкович бастаған команда Inferno (13:11) және Dust2 (13:6) карталарында жеңіске жетіп, ірі турнирдің плей-оффына алғаш рет өтті.
Соңғы жолдаманы FaZe иеленді. Финн karrigan Андерсеннің командасы есеп 0:2 болғанына қарамастан, шешуші матчта Aurora-ны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Командаға жеңісті тәжірибелі rain-нің Dust2 картасындағы маңызды раундтары әкелді.
Плей-офф жұптары да белгілі болды: 3DMAX – Falcons, MOUZ – NAVI, FaZe – Spirit, Vitality – FURIA. Матчтар 10 қазан күні басталады.