Хабиб Нурмагомедов: «Жаттығуға толық дайын болмасаң, үйде отыр»

Хабиб Нурмагомедов: «Жаттығуға толық дайын болмасаң, үйде отыр»

UFC даңқ залының мүшесі әрі жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедов командасына арнап қатал үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер жаттығуға бар күшіңді салуға дайын болмасаң, үйде отыр. Біз жалқауларды қабылдамаймыз. Мұндағы мақсатымыз — әлемдегі ең үздік болу», — деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, «Бүркіт» өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 24 қазанында Әбу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде өткізген. Сол кезде ол уақытша чемпион Джастин Гэтжимен кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Хабибтің мансабындағы 29-шы және соңғысы болды — сол кездесуден кейін ол ММА-дегі мансабын аяқтағанын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или