Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» өтеді

11-12 қазан аралығында Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.
Қазақстанның әр өңірінен семсерлесу спортының үздік өкілдері, сондай-ақ ұлттық чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.
Турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или