Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің үшінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды

Қытайдың Ухань қаласында теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сәрсенбіде "Мастерс" турнирінің 1/8 финалына өткен барлық қатысушылар анықталды.
Қазақстандық Елена Рыбакина екінші айналымда румыниялық Жаклин Адина Кристианды 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Үшінші айналымда Рыбакина қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңген чехиялық Линда Носковамен кездеседі.
Ухань турнирі 2025 жылдың 6-12 қазаны аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 3 654 963 доллар.
Қазақстандық теннисші Қытайда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Қазақстанның үздік теннисшісі Ухандағы турнирді жеңіспен бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или