Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойында Тайландты 22-4 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық спортшылардың қатарынан төртінші жеңісі. Құрама топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, ең көбі 12 ұпаймен В тобында бірінші орынмен ширек финалға шықты.
Ширек финалда «А» тобында төртінші орын алған Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Матч ертең Астана уақытымен 18:00-де өтеді.
Су спортынан Азия чемпионатында қазақстандықтар 11 медаль жеңіп алды
Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или