Роналду жеке байлығы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы футболшы атанды

Роналду жеке байлығы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы футболшы атанды

Криштиану Роналду тағы бір жетістікке жетті — ол жеке байлығы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» клубының 40 жастағы шабуылшысының байлығы - шамамен 1,4 миллиард доллар. Капитал өсіміне ең үлкен үлесті Роналдудың Сауд Арабиясының командасымен 2025 жылдың маусымында ұзартқан келісімшарты қосқан. Келісімнің жалпы құны 400 миллион доллардан асады деп бағаланады.

Роналду алаңда да рекордтарын жалғастырып жатыр — ол ресми матчтарда 900 гол соққан әлемдегі алғашқы футболшы болған еді.

Португалиялық жұлдыз — Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасында екі рет топ жарған және Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы мен клубтық әлем чемпионатының тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Мароккода футболға қатысты жаппай наразылықтан үш адам қаза тапты

Роналду мансабын аяқтау туралы: «Мен әлі өзімді жақсы сезінемін»

Джоб Беллингем «Боруссиядан» кетуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или