OCTAGON 80. Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның нокаутшылары кездеседі

Астанада өтетін OCTAGON 80 мерейтойлық турнирінің кардына Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасындағы қызық жекпе-жек қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 қазанда жартылай жеңіл салмақта кәсіби деңгейде әлі жеңіліс көрмеген қазақстандық Дастан Мәлік (4-0) Өзбекстаннан келген нокаутшы Мироншох Хусеновпен (5-1) кездеседі.
Хусенов жеңістерінің төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Тек өткен жылы желтоқсанда өткен OCTAGON 68 турнирінде тәжірибелі қазақстандық Данияр Оңғардан (9-3) жеңіліс тапқан.
Ал Мәліктің өзі де барлық жеңісін мерзімінен бұрын, үшінші раундқа жеткізбей аяқтаған.
OCTAGON 80 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық орта салмақ чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (19-6) өз титулын әзербайжандық Хамзат Чапановқа (15-5) қарсы қорғайды.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Қырғызстанның жеңіл салмақта жеңіліс көрмеген чемпионы Руслан Касымалы уулу (10-0) қазақстандық Нұржігіт Байменмен (8-0-1) чемпиондық белбеу үшін кездеседі.
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Қазақстандық файтер ММА турнирінде өзбек қарсыласын жеңді
UFC чемпионы Алекс Перейраның жекпе-жегін бағалады