Анна Данилина Ухандағы WTA 1000 турнирінде камбэк жасады

Анна Данилина Ухандағы WTA 1000 турнирінде камбэк жасады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Ухан қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына сәтті жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сайыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатқан Данилина жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша дуэтін жеңді. Алғашқы сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, Анна мен Александра кездесудің тағдырын өз пайдасына бұрып, келесі сеттерде 6:4, 12:10 нәтижесіне қол жеткізді.

Бұл жеңіс олардың беделді жарыстың 1/4 финалына өтуіне мүмкіндік берді.

Қазақстандық теннисші Қытайда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстанның үздік теннисшісі Ухандағы турнирді жеңіспен бастады

Франциялық теннисші тарихи жетістікке қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или