Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы екі турын аяқтады. Енді спорттық нәтижемен қатар қаржылық қорытынды да жасауға болады, деп хабарлайды Prosports.kz Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің ережесіне сәйкес, топтық кезеңге жолдама алған әр клуб 15,64 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. Бұдан бөлек, жеңіске — 2,1 миллион, ал тең ойын үшін — 700 мың еуро бонус қарастырылған.
Осылайша, екі турдан кейін «Қайраттың» жалпы табысы кем дегенде 20,25 миллион еуроны (шамамен 13 миллиард теңге) құрап отыр. Бұл сома негізгі бонус пен қатысу төлемдерінен тұрады.
Алайда алаңдағы жағдай әзірге сәтсіздеу: бірінші турда алматылықтар сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» (1:4), ал екінші турда өз алаңында мадридтік «Реалға» (0:5) есе жіберді.