Зайнуков Махачевтің болашағы туралы: «Ол жартылай орта салмақта қалады»

UFC-дегі жаңа файтер Магомед Зайнуков Ислам Махачевтің жеңіл салмаққа қайта оралу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зайнуков — Исламның жаттығу серіктесі және оның командасының мүшесі. Айта кетейік, 8 қазанда ол UFC Претенденттер сериясы аясында өткен жекпе-жекте бразилиялық Лукас Кальдасты жеңді.
«Ислам жартылай орта салмақта чемпион болады және сол салмақта қалады. Оның қайтадан жеңіл салмаққа түсуі екіталай», — деді Зайнуков баспасөз мәслихатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или