UFC МакГрегорды үш рет допинг-тестке келмегені үшін дисквалификациялады

UFC МакГрегорды үш рет допинг-тестке келмегені үшін дисквалификациялады


UFC-дің бұрынғы қос чемпионы Конор МакГрегор антидопинг ережелерін бұзғаны үшін бір жарым жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның ресми мәліметінше, ирландиялық файтер соңғы 12 ай ішінде үш рет — 2024 жылдың 13 маусымы, 19 және 20 қыркүйегінде — допинг-тестке келмеген. Бұл факті қолжетімділік ережесін бұзу болып саналып, автоматты түрде дисквалификацияға әкеледі.

МакГрегор тергеу барысында толық ынтымақтастық танытып, жауапкершілікті өз мойнына алған. Осыған байланысты ол екі жылдық жазадан аман қалып, 18 айға ғана шеттетілді. Дисквалификация мерзімі соңғы тестке келмеген күннен бастап есептеледі — яғни, 2024 жылдың 20 қыркүйегінен 2026 жылдың 20 наурызына дейін.

Айта кетейік, бұған дейін МакГрегордың келесі жылы жазда Вашингтонда, Ақ үй аумағында өтетін UFC турнирінде жекпе-жекке шығатыны хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или