Қазақстандық дзюдошылар Перудегі әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Перудегі әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Лимада (Перу) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екінші жарыс күні ұлттық құрама сапынан 3 спортшы татамиге шығып, ешқайсысы финалдық кезеңге өте алмады. 

Омар Нұрбергенов (73 келіге дейін) екінші айналымда Абдеслам Белбелхаутқа (Алжир) жол берді.

Дильназ Досберген алғашқы кездесуінде испаниялық спортшы Люсия Карпиоға есе жіберді.

Сондай-ақ Көркем Орымбек (70 келіге дейін) бірінші белдесуінде жапониялық балуан Ёсино Такахасиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар. Оны бірінші күні Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жеңіп алған болатын.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или