Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.

Отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.


Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалға шықты

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жарыс қожайындарын айқын басымдықпен жеңді

Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или