Қазақстандық дзюдошылар жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Лимада (Перу) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екінші жарыс күні ұлттық құрама сапынан 3 спортшы татамиге шығып, ешқайсысы финалдық кезеңге өте алмады.
Омар Нұрбергенов (73 келіге дейін) екінші айналымда Абдеслам Белбелхаутқа (Алжир) жол берді.
Дильназ Досберген алғашқы кездесуінде испаниялық спортшы Люсия Карпиоға есе жіберді.
Сондай-ақ Көркем Орымбек (70 келіге дейін) бірінші белдесуінде жапониялық балуан Ёсино Такахасиден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар. Оны бірінші күні Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жеңіп алған болатын.
Ақтау қаласында дзюдодан Азия ашық кубогы өтеді