Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы Сингапурды жеңді

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгінде ерлер және әйелдер командалары арасында су добынан кездесулер өз жалғасын тапты.
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші кездесуін сенімді өткізді. Бұл жолы біздің спортшылар Сингапур командасын 11:7 есебімен жеңіп, турнирдегі кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Ертең отандастарымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 13:30-да өтеді. Қарсылас – Таиланд құрамасы.
Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалға жолдама алды
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жарыс қожайындарын айқын басымдықпен жеңді
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды