ҚХЛ: «Барыс» хоккейшісінің голы аптаның үздік голы деп танылды

ҚХЛ: «Барыс» хоккейшісінің голы аптаның үздік голы деп танылды

Елордалық «Барыс» хоккейшісі Мэйсон Мореллидің Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына соққаны голы Құрлықтық хоккей лигасындағы аптаның үздік ондығында көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шабуылшы команда құрамына биыл қосылды. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін елордалық клубтың намысын қорғайды.

Бұл Мореллидің Солтүстік Америкадан тыс алғашқы кәсіби тәжірибесі болмақ. 2023 жылы ол «Херши Беарс» құрамында Колдер кубогын жеңіп алды. Соңғы екі маусымды Мэйсон «Вегас Голден Найтс» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда ол ҰХЛ-де бір матчқа қатысып, сондай-ақ АХЛ-дегі «Хендерсон Сильвер Найтс» сапында 48 ойында 19 (13+6) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или