Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қосылмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жексенбі күні ол ҚПЛ-дың кейінге шегерілген матчында «Жетісуға» қарсы толық 90 минут ойнаған болатын. Жас шабуылшы сол матчта шатын жарақатта алған.
«Соңғы матч алдында Дастан өзін жайсыз сезінген, бірақ командаға көмектескісі келіп, ешкімге тіс жармаған. Соған қарамастан, ол толық ойын өткізіп, тіпті гол да соқты. Бірақ матчтан кейін ауырсыну күшейіп, ол медициналық штабқа жүгінуге мәжбүр болды. Тексеру нәтижесінде сол жақ жамбас бұлшық етінде шамамен төрт сантиметрге жуық ісіну, сіңірдің созылуы, микрожарықтар анықталды. Өкінішке қарай, бұл жолы Дастан ұлттық құрамаға көмектесе алмайды», – деді Құралбек Ордабаев.
Қазақстан құрамасының лагеріне чемпиондар сапынан тек бір ойыншы – Дамир Қасабулат қана келді.
Қазақстан 10 қазан Астанада Лихтенштейнді қабылдайды. Одан кейін 13 қазан күні Солтүстік Македонияға қонаққа барады.
Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі жарияланды
Қазақстан құрамасының тізгінін поляк маманы ұстай ма?
«Қайрат» клубының бас бапкері ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты