Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалға шықты

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгінде ерлер және әйелдер командалары арасында су добынан кездесулер өз жалғасын тапты.
Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынын турнирдің ең мықты командаларының бірі – Қытай құрамасына қарсы өткізді. Өкінішке қарай, біздің қыздар фаворитке лайықты қарсылық көрсете алмады. Матч 6:23 есебімен Қытай командасының пайдасына аяқталды.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы В тобы бойынша үшінші орын алып, ширек финалға шықты. Жартылай финалға жолдама үшін келесі қарсыласымыз – А тобында екінші орын алған команда, яғни Өзбекстан мен Сингапур құрамаларының жеңімпазы болады.
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жарыс қожайындарын айқын басымдықпен жеңді
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды