Анна Данилина Шанхайда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Жарыста отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.
Теннисшілер алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті. Кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.
Ширек финалға өту үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша жұбымен кездеседі.
Қазақстанның үздік теннисшісі Ухандағы турнирді жеңіспен бастады
Занғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің чемпионы атанды
Құрманғалиев China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или