Қазақстан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жекелей сайыста (еркін бағдарлама) қазақстандықтар екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Карина Магрупова мен Виктор Друзин жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ қазақстандықтар аралас жұптар арасындағы (еркін бағдарлама) сайыста да көзге түсті. Наргиз Болатова мен Виктор Друзин қола жүлдеге ие болды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или