Едіге Емберді Норвегиядағы әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Қазіргі таңда Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Кезекті жарыс күнінде 79 келіге дейінгі салмақта жүлделер сарапқа салынды.
Бұл санатта Едіге Емберді (А тобы) мен Петр Хребтов (В тобы) ел намысын қорғады.
Хребтов қоссайыс қорытындысы бойынша 330 (147+183) келіні көтеріп, өз тобында алтыншы орынға тұрақтады.
Ембердінің нәтижесі - 351 (155+196) келі. Ол жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.
Ал индонезиялық Ризки Джуниянсан 361 (157+204) келі нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Солтүстік Корея спортшысы Ри Чон Сонға бұйырды - 360 (163+197) келі. Мысырлық Мохаммед Эльсайед үздік үштікті түйіндеді - 360 (162+198) келі.
Астанада семсерлесуден республикалық турнир басталды
Садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді
Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді