Шерхан Қалмырзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Шерхан Қалмырзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті әрі «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзамен жүздесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән береді. Президент өз сөзінде: «Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», – деген еді. Осы бағытта біз де жастарды жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жағдай жасап келеміз. Сондай-ақ барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді. Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!» – деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ бүгінде талантты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға берік негіз қаланғаны атап өтілді. Жастарға үлгі көрсету мақсатында ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды. Сонымен қатар алдағы уақытта да дарынды жастарға айрықша көңіл бөлінетіні жеткізілді.

Ресейлік футболшы маусым соңында «Қайраттан» кетуі мүмкін

«Жетісу» клубының бас бапкері ірі жеңілістен кейін пікір білдірді

«Қайрат» клубының бас бапкері ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или