Ян Хегай америкалық турнирде топ жарды

«Нью-Гэмпшир Маунтин Кингз» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Ян Хегай Elite Prospects Cup Series Rochester турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
15 жастағы форвард бес матч өткізіп, жеті (6+1) ұпай жинады.
Өткен маусымда қазақстандық хоккейші MVHL лигасының тұрақты чемпионаты аясында 13 ойын өткізіп, 34 (20+14) ұпай еншілеген. Сондай-ақ NAT1HL чемпионатының төрт кездесуінде 3 (2+1) нәтижелі балл жинаған. ААА лигасының тұрақты чемпионатында 45 матчта 53 (27+26) ұпаймен көзге түсті.
«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-да аптаның үздік голының авторы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или