Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері айтылды

Қазақстан құрамасының басшылығы поляк маманы Михал Пробежбен келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kanalsportowy.pl басылымына сілтеме жасап.
«Польша құрамасының бұрынғы бас бапкері Қазақстан футбол федерациясымен ынтымақтастықты бастау жөнінде келісімге келді. Бұл ақпараттың ресми түрде расталуы жақын уақытта күтіледі, алайда келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге белгісіз», - деді журналист Матеуш Борек Moc Futbolu YouTube арнасында.
Бұған дейін қазақстандық маман Әли Әлиев әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңінде Бельгиядан (0:5) ірі есеппен жеңілгеннен кейін отставкаға кеткен болатын. Уақытша құраманы Талғат Байсуфинов жаттықтырады.
Айта кетейік, Пробеж 2023–2025 жылдар аралығында Польша құрамасын басқарған. Ал Польшадан тыс жаттықтырған жалғыз клубы - грекиялық «Арис».
Ресейлік футболшы маусым соңында «Қайраттан» кетуі мүмкін
«Жетісу» клубының бас бапкері ірі жеңілістен кейін пікір білдірді
«Қайрат» клубының бас бапкері ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты