Франциялық теннисші Артур Риндеркнеш тарихи жетістікке қол жеткізді

Әлемнің 54-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнеш 1990 жылдан бері топ-50 қатарына кірмейтін алғашқы ойыншылар ішінде бір маусымда әлемнің топ-3 өкілін «Үлкен дулыға» мен «Мастерс» турнирлерінде жеңген алғашқы теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
6 қазанда Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында француз теннисшісі әлемнің үшінші ракеткасы неміс Александр Зверевті 2:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Бұған дейін Риндеркнеш 2025 жылғы Уимблдонның бірінші айналымында да Зверевтен басым түскен болатын (7:6 (7:3), 6:7 (8:10), 6:3, 6:7 (5:7), 6:4).
«Мастерс» санатындағы Шанхай турнирі 1–12 қазан аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің екінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер, алайда ол биыл жарыстан бас тартқан.
Юлия Путинцева Ухандағы турнирді сенімді жеңіспен бастады
Джокович пен Чилич «Мастерс» сериясындағы турнирлерінде жас рекордын орнатты