Мэйсон Морелли ҚХЛ-да аптаның үздік голының авторы атанды

Құрлықтық хоккей лигасының ресми YouTube арнасы тұрақты чемпионаттың бесінші аптасындағы үздік шайбалардың үзіндісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингтің жеңімпазы «Барыс» шабуылшысы Мэйсон Морелли атанды — оның «Адмирал» қақпасына соққан шайбасы аптадағы ең үздік деп танылды.
Мэйсон Морелли «Барыспен» 2026 жылғы 31 мамырға дейін есептелген біржақты келісімшартқа қол қойған.
Өткен маусымда форвард АХЛ-дың «Хендерсон Сильвер Найтс» клубы сапында 48 матчта 19 (13+6) ұпай жинаған. Сондай-ақ соңғы екі жылда ол ҰХЛ-да 10 ойын өткізіп, үш гол және бір нәтижелі паспен көзге түскен.
Видео. «Сибирь» — «Барыс» матчы қалай өтті
«Сибирь» буллитте сериясында «Барыстан» басым түсті
«Барыс» ҚХЛ-да «Сибирь» командасымен сырт алаңдағы ойынға анонс жасады