Үстел теннисі: Азия чемпионатына баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды

11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Жарысқа Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсетеді.
Құрманғалиев China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты
Занғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады