Спорттық гимнастика: Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Қазанның 19–25 аралығында Индонезия астанасы Джакартада спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын 6 спортшы қорғайды:
- Нариман Курбанов (тұтқалы ат снарядындағы жаттығу)
- Милад Карими (керме және еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (еркін, қоссырық және шығыршық жаттығулары)
- Ильяс Азизов (еркін, қоссырық және керме жаттығулары)
- Диас Тойшыбек (тұтқалы ат снарядындағы жаттығу, қоссырық пен керме)
- Зейнолла Ыдырысов (тұтқалы ат снарядындағы жаттығу)
Көпсайыс пен тіреніп секіруде отандастарымыз қатыспайды.
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или