Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.
Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.
Құрманғалиев China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты
Занғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің чемпионы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или