«Афроқазақ» OCTAGON 80 турнирінде «Сатурнмен» реванш өткізеді

Астанада өтетін OCTAGON 80 мерейтойлық турнирі аясында Өзбекстан мен Қазақстанны екі белгілі медиа жауынгерінің көптен күткен реваншы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Торға «Сатурн» лақап атымен танымал өзбек блогері Огабек Абдумуминов және оның қазақстандық қарсыласы африкалық тамыры бар, қазақша еркін сөйлейтін «Афроқазақ» лақап атымен танымал блогер Марселен Камате қайта кездеседі.
Осы жылдың мамырында өткен бірінші жекпе-жекте Камате екінші раундта күресті жалғастырудан бас тартып, «Сатурн» мезгілінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
25 қазанда Астанада OCTAGON 80 турнирі өтеді, оның басты оқиғасында Қазақстанның орта салмақтағы чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (19-6) әзірбайжандық Хамзат Чапановқа (15-5) қарсы белбеуді қорғайды.
Ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы чемпион, жеңілмеген қырғыз Руслан Қасымалы уулу (10-0) қазақстандық Нұржігіт Байменге (8-0-1) қарсы белбеуді қорғайды.
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 80 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Қазақстандық файтер бірінші раундта жеңіліп қалды
Усман Нурмагомедов ММА-дағы 20-жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды