III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына тағы 2 күміс, 5 қола медаль түсті

Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін біздің спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Күміс жүлде еншілегендер:
- Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м: Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин).
- Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг).
Қола жүлде еншілегендер:
- Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м: Валерия Попелова
- Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг)
- Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы
- Бадминтоннан Қазақстан ерлер командасы Мұстафа Мәлікжан/Арнұр Тәпішев)
- Бадминтоннан Қазақстан әйелдер құрамасы (Алиса Кулешова/Диана Наменова).
Қазір Қазақстан құрамасы еншісінде 9 алтын, 22 күміс, 41 қола медаль бар. Бұл әзірге жалпыкомандалық есептегі 5-орын. Әзірбайжандағы ойындар 8 қазанда аяқталады.
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мемориалында жеңіске жетті
Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или