«Севилья» өз алаңында «Барселонаны» талқандап тастады

Каталониялық «Барселона» Испания Ла Лигасының сегізінші турында «Севильяға» қонаққа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған матчта алаң иелері алғаш болып, пенальтиден есеп ашты. Пенальти орындады өз мойнына алған чилилік шабуылшы Алексис Санчес 11 метрлік айып соққысын сәтті орындап, 12-ші минутта командасын алға шығарды. «Севилья» ойыншысы Ромеро 36-шы минутта гол соғып, есепті еселеді. Бірінші таймға қосылған қосымша минутта ағылшындық шабуылшы Маркус Рэшфорд мергендігімен көзге түсіп, есепті қысқартты. Айта кетейік, бұл ағылшындық шабуылшының Ла Лигадағы алғашқы голы.
Ханси Флик екінші таймда шабуыл шебіне өзгерістер енгізіп, есепті теңестіруге тырысқанымен, барлық мүмкіндіктер сәтсіз аяқталды. Тіпті, польшалық шабуылшы Роберт Левандовски 76-шы минуттағы 11 метрлік айып добын сәтті пайдалана алмады. Қорғаныстан қарсы шабуылға сәтті шыға білген алаң иелері 90-шы минуттан кейін екі гол соғып, есепті 4:1 етті. Осылайша «Севилья» «Барселонаны» айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Бұл каталониялық клубтың осы маусымдағы алғашқы жеңілісі болып табылады. Тағы бір қызығы, соңғы он жылда «Севилья» каталониялық клубты жеңе алмай келген еді.
Осы матчтан кейін мадридтік «Реал» 21 ұпаймен көш басында қала береді. Ал «Барселона» 19 ұпаймен екінші сатыда қалды. «Севилья» болса 13 ұпаймен үздік төрттікті түйіндеп тұр.
Эстеваоның голы «Челсиге» маусымдағы маңызды жеңісті сыйлады