Самат Смақов «Қайраттан» жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Самат Смақов «Қайраттан» жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов ҚПЛ аясында «Қайратпен» өткен матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, аталған матчта алматылық «Қайрат» «Жетісуды» сенімді түрде 5:0 есебімен жеңген болатын.

— Мұндай матчтан кейін бірдеңе айту қиын. Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірінші таймда толықтай сәтсіздікке ұшырадық. Тактикалық тұрғыдан бұл менің қателігім. Соның салдарынан қорғаныста өрескел қателіктерге жол бердік. Қорғаушыларымыз алғаш рет алаңға шыққандай әсер қалдырды. Біреуі толқып, енді бірі жанкүйерлердің қысымынан сескенген болуы мүмкін.

Ойын алдында футболшыларға егер біреу қорқатын болса, мүлде шықпай-ақ қояйық, техникалық жеңіліс алайық, масқара болмайық деп айттым. Себебі, бір адамның қорқынышы бүкіл командаға беріледі. Бүгін бізді жай ғана талқандады. Алаңға футбол орталықтарының жасөспірімдері шыққандай болды, — деді Смақов.

«Қайрат» «Жетісуды» ірі есеппен жеңіп, турнир кестесінде көш бастады

«Тобыл» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Сервер Джепаров Қазақстанда бапкерлік еткісі келеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или