Футзалдан Қазақстан чемпионаты: 6-тур матчтары өз мәресіне жетті

Футзалдан Қазақстан чемпионаты: 6-тур матчтары өз мәресіне жетті

Бүгін, бесінші қазанда футзалдан ел чемпионатының кезекті туры өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

6-турдағы басты күтпеген жайт – ел чемпиондары «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» тең түсіп қалды. Тең нәтиже салдарынан алматылықтар көшбасшы ұжымдарды 8 ұпайға ұзатып алды. Ал «Семей» мен «Ақтөбе» әзірше ұпайдан шашау шығармады. Сондай-ақ, «Астана» клубы да күтпеген жерден «Аятпен» тең тарқасып, чемпионаттағы алғашқы ұпайына иелік етті.

  • «Тұлпар» - «Шымкент» 6:1

Голдар: Тұрғанбек 8 (0:1), Мәлібеков 11 (1:1), Черномордов 16 (2:1), Чжан 19 (3:1), Мәлібеков 21 (4:1), Кукумбаев 27 (5:1), Шәрібеков 40 (6:1). 

  • «Семей» - «Қарағанды» 7:0

Голдар: Герейханов 4 (1:0), Фариос 4 (2:0), Әбдуманапұлы 8 (3:0), Гомес 23 (4:0), Герейханов 23 (5:0), Карменов 24 (6:0), Дәрібай 40 (7:0). 

  • «Жетісу» - «Бәйтерек» 0:9

Голдар: Мадияров 1 (0:1), Бөлекбаев 5 (0:2), Сәтжан 9 (0:3), Болатов 13 (0:4), Бөлекбаев 16 (0:5), 23 (0:6), Сәтжан 26 (0:7), Абдулла 36 (0:8), Нурин 40 (0:9).

  • «Аят» - «Астана» 2:2

Голдар: Тәжімұқанов 5 (0:1), Исмайлов 13 (1:1), Исмайлов 14 (2:1), Рындин 33 (2:2). 

  • «Атырау» - «Қайрат» 2:2

Голдар: Рафао 14 (0:1), Алиссон 15 (1:1), Ромула 17 (1:2), Алиссон 37 (2:2). 

  • «Ақтөбе» - «Каспий» 5:3

Голдар: Байзақов 2 (1:0), Колесов 10 (1:1), Қарақұлов 12 (1:2) Акбаликов 18 (2:2), Акбаликов 24 (3:2), Нағашыбай 29 (3:3), Бақтияров 32 (4:3), Акбаликов 40 (5:3).

Айта кетейік, келесі тур ойындары 10 қазанда өтеді.

Шыңғыс Есенаманов: «Мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды»

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Игита: «Ұлттық құрама үшін ойнауға әркез дайынмын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или