Қазақстандық мергендер ТМД ойындарында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер ТМД ойындарында үш медаль жеңіп алды


Әзербайжанның Ханкенди қаласында өткен ІІІ ТМД елдерінің ойындарында садақ атудан жарыстар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жарысты бір алтын және екі күміс медальмен аяқтады.

 Классикалық садақ (жекелей сын) — Анастасия Солодовникова финалда ресейлік Мария Тараяровадан 6:4 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.

 Классикалық садақ (аралас жұп) — Райымбек Майқыбаев пен Анастасия Солодовникова жұбы финалда Беларусь құрамасына 4:5 есебімен есе жіберді.

Классикалық садақ (ерлер командасы) — Райымбек Майқыбаев, Әліхан Тұяқ және Рахымжан Қамардан құралған Қазақстан командасы Ресейге 3:5 есебімен жол берді.

Райымбек Майқыбаев жекелей сайыста қола медаль үшін өткен кездесуде ресейлік спортшыдан ұтылып, төртінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста алты спортшымен өнер көрсетті: Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев және Әліхан Тұяқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или