«Барыс» Новосібірде буллит сериясында ұтылды

Астананың «Барысы» ҚХЛ аясындағы сырт алаңдағы матчта новосібірлік «Сибирьге» жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізгі уақыт пен овертаймда шайба соғылмады. Жеңімпаз тек буллит сериясында анықталды — бұл жолы сәттілік алаң иелерінің жағында болды. Қорытынды есеп — 1:0.
Келесі ойынын «Барыс» 7 қазанда Қазанда өткізіп, жергілікті «Ак Барспен» кездеседі.
«Сибирь» (Новосібір, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) — 1:0 Б
(0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или