Сатпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс пен көшбасшылықты сыйлады

Сатпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс пен көшбасшылықты сыйлады


Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы кейінге қалған ойында «Жетісуды» 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіс голдарын Дастан Сатпаев (пенальти, 9-минут), Жоржиньо (20, 35), Эдмилсон (43) және Тұяқбаев (90) соқты.

Осы нәтижеден кейін «Қайраттың» ұпай саны 55-ке жетіп, команда турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді. Екінші орында — 53 ұпайы бар «Астана».

Бұл кездесуде гол соққан Сатпаев өзінің маусымдағы 12-голын еншілеп, чемпионат бомбардирлері арасындағы екінші орынға шықты. Ал «Жетісу» 21 ұпаймен 11-орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или