Қазақстандық теннисші Нұрланұлы Чхунчхонда J200 жарысын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Нұрланұлы Чхунчхонда J200 жарысын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Занғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 25-орында тұр. Ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен беделді J200 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ракетка ретінде жарысқа қатысқан Нұрланұлы турнир барысында бір де бір сет жоғалтқан жоқ. Финалда ол жергілікті теннисші Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жеңіс — Занғардың ITF Juniors сериясындағы алтыншы жеке титулы. Бұған дейін ол Айзкраукледе (J100), Шымкентте (J200), Измирде (J100), Цахкадзорда (J30) және Трнавада (J30) топ жарған еді.

Келесі жарысы — Вонджу қаласында өтетін J300 санатындағы турнир. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или