«Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан кубогының финалында «Тобылдан» (0:2) жеңілгеннен кейін ойынға баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
— Ойында жоспарлағанымыз орындалмады, әсіресе гол соғуда. Қарсылас алғашқы жартылай мүмкіндігін пайдаланып кетті, ал біз тағы да өз сәтімізді жүзеге асыра алмадық. Маусым бойы бізді бір мәселе қудалап келеді — өте әлсіз реализация. Өкінішке қарай, шешуші ойында да сол кемшілік қайталанды, — деді Мартин.
Маманның айтуынша, футболшылар жеңіс үшін барын салған, бірақ бұл жолы жеткіліксіз болды: — Жігіттер жеңіске қатты ұмтылды, сол үшін оларға ризамын. Бірақ кубок алу үшін бұдан да көп күш керек. «Тобылды» жеңісімен құттықтаймын, — деді бапкер.
Айта кетейік, бұл «Тобылдың» тарихындағы үшінші Кубок трофейі. Бұған дейін қостанайлықтар 2007 және 2023 жылдары жеңіске жеткен еді. Ал «Ордабасы» үшін бұл — финалда үшінші рет жеңіліс.