Адиев: «Ойын ысқырықтан көз ашпады, сол себепті сәттер жасай алмадық»

Адиев: «Ойын ысқырықтан көз ашпады, сол себепті сәттер жасай алмадық»

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазіргі кезде самаралық «Крылья Советов» тізгінін ұстап отырған Магомед Адиев Ресей Премьер-лигасының 11-туры аясында «Рубиннен» (0:2) жеңілгеннен кейін төрешілікке қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Қазандағы «Ак Барс Аренада» өтіп, бас қазы қызметін Саранск қаласынан келген Евгений Буланов атқарды.

Адиевтің айтуынша, жиі тоқтаған ойын мен даулы шешімдер командасына өз ойынын көрсетуге мүмкіндік бермеген. «Ойын үнемі ысқырықпен үзіліп отырғанда, сәттер жасау қиын. Ал голдарға келсек, әсіресе екіншісінде бізден допты фол арқылы тартып алды, содан кейін гол соғылды», — деді маман «Матч ТВ» эфирінде.

Осы нәтижеден кейін «Рубин» 18 ұпаймен турнир кестесінің алтыншы сатысына көтерілсе, «Крылья Советов» 12 ұпаймен 11 тур қорытындысы бойынша оныншы орында қалды.

«Тобыл» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Сервер Джепаров Қазақстанда бапкерлік еткісі келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или