Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында топ жарды, бірақ жүлде төленбеді

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында топ жарды, бірақ жүлде төленбеді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жүлде мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, World Boxing ұйымы тарапынан турнир қатысушыларына ешқандай ақшалай сыйақы берілмеген. «Жоқ, World Boxing тарапынан ешқандай приз берілген жоқ», — деді Сатжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті — жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Отандастарымыз жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Чемпиондар қатарында Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Торехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) бар.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или