Журналист: «Перейра мен Аспиналл айқасы UFC мен Paramount серіктестігінің бастауы болады»

Журналист: «Перейра мен Аспиналл айқасы UFC мен Paramount серіктестігінің бастауы болады»

Канадалық журналист Аарон Бронстетердің айтуынша, UFC мен Paramount ынтымақтастығын жарқын жекпе-жекпен — Алекс Перейра мен Том Аспиналл арасындағы айқаспен бастауы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

Оның пікірінше, егер Аспиналл осы айда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетсе, чемпиондар арасындағы кездесу 2026 жылдың қаңтарында ұйымдастырылып, «жаңа дәуірдің мінсіз бастамасы» болар еді.

Еске сала кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC 320 турнирінде Алекс Перейра алғашқы раундта Магомед Анкалаевты нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или