Хоккей. «Барыс» ҚХЛ-да «Сибирь» командасымен сырт алаңдағы ойынға анонс жасады

Хоккей. «Барыс» ҚХЛ-да «Сибирь» командасымен сырт алаңдағы ойынға анонс жасады

«Барыс» сырт алаңда «Сибирь» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz қазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Новосібірліктер соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліске ұшырады, соның ішінде Астанада «Барыстан» (4:6) ұтылды. Өткен турда «Сибирь» Уфада «Салават Юлаевтан» (2:5) жеңілді. Қонақтар сапында Владимир Ткачёв пен Тимур Ахияров өздерінің мергендік есептерін толықтырды. Луи Доминг 20 соққыдан кейін 4 шайба жіберіп алды, кейін ойынға Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасаған Семён Кокаулин кірді.

Башқұртстан астанасындағы матч нәтижесі сібірліктердің бас бапкері Вадим Епанчинцевтің отставкасына себеп болды. Оның орнына Вячеслав Буцаев тағайындалды. «Сибирьдің» еншісінде қазір он ойыннан кейін 8 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Никита Сошников (2+5). Жарақат алғандар қатарында әлі де қорғаушылар Дэвид Фарранс пен Андрей Чуркин, сондай-ақ шабуылшы Иван Климович бар.

«Барыс» екі жеңістен кейін өз алаңындағы сериясын Гагарин кубогының қазіргі иегері «Локомотивтен» (1:5) жеңіліспен аяқтады. Ярославль қақпасына жалғыз шайбаны Райли Уолш соғып, өзінің нәтижелі сериясын үш матчқа жеткізді. КХЛ-де қорғаушы Тайлер Уотерспун дебют жасап үлгерді, алайда ол қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеп жатқандықтан алдағы сапарға қатыспайды.

Қазақстандікілердің қоржынында 11 ойында 11 ұпай бар. Майкл Веккьоне (4+6) – маусым басындағы команданың ең нәтижелі ойыншысы. Адам Шил Лигадағы сенімділік коэффициенті (1,85) мен қайтарылған соққылар пайызы (94,1) бойынша үздік бес қақпашының қатарына кіреді. Бұл көрсеткіште көш бастап тұрған – «Сибирьдің» Антон Красоткині (КН – 1,4 және 95%). Астаналықтардың лазаретін Тамирлан Гайтамиров, Иван Николишин және Роман Старченко тастап шықты. Ал Никита Бояркин, Тайс Томпсон және Алихан Асетов жарақаттан қалпына келуін жалғастыруда.

«Сибирь» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 15:30-да басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


«Сибирь» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатында шайба соқты

Қазақстандық шабуылшы Канадада өз командасының жеңісіне көмектесті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или