Алекс Перейра Анкалаевті бірінші раундта жеңді

5 қазан күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC 320 турнирінің атышулы оқиғасы өтті. Жартылай ауыр салмақтағы ресейлік файтер Магомед Анкалаев пен бұрынғы чемпионы Алекс Перейра арасындағы реванш жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жектің тағдыры бірінші раундта-ақ шешілді. Перейра жойқын соққын бағыттап, қарсыласын сабап тастауға көшті. Төреші Херб Дин бірден араласып, жекпе-жекті тоқтатып, бразилиялықтың жеңісін тіркеді. Осылайша Перейра екінші рет жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, олардың бұған дейінгі кездесуі Анкалаевтың жеңісімен аяқталған болатын.
Қазақстандық файтер UFC-де жекпе-жек өткізді
19 жастағы қазақстандық Азимли Магомед OCTAGON турнирінде камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или