Путинцева қарсыласын 55 минутта ұтып, келесі кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирді сенімді жеңіспен бастады. Әлемдік рейтингте 63-орында тұрған Юлия франциялық Диан Парриді (101) 6:1, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч небәрі 55 минутқа созылып, Путинцева толық басымдық танытты. Қазақстандық спортшы ойынның барлық бөлігінде жинақылық көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
WTA-1000. Ухань. Іріктеу кезеңі. 1-айналым Юлия Путинцева (Қазақстан, 63) – Диан Парри (Франция, 101) – 6:1, 6:0
Келесі кезеңде Путинцева Ресей өкілі Анна Блинковамен (WTA рейтингінде 77-орында) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или