Микель Артета АПЛ-дегі 300-ші матчын жеңіспен атап өтті

Микель Артета АПЛ-дегі 300-ші матчын жеңіспен атап өтті


«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Англия Премьер-лигасындағы мерейтойлы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жетінші турда «Арсенал» «Вест Хэмді» 2:0 есебімен жеңген матч Артета үшін лигадағы 300-ші кездесу болды. Осы уақыт ішінде испаниялық маманның жетекшілігімен лондондық клуб 177 рет жеңіске жеткен.

Дәл осындай нәтижені Юрген Клопп та «Ливерпульдің» тізгінін ұстаған алғашқы 300 матчында көрсеткен болатын.

Бұл көрсеткіштен жоғары нәтиже тек Пеп Гвардиола («Манчестер Сити» — 219 жеңіс), Жозе Моуринью («Челси» — 196) және Кенни Далглиш («Ливерпуль» — 185) есебінде тіркелген.

АПЛ бапкерлері арасындағы үздік көрсеткіш (алғашқы 300 матч):

  • 219 — Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»)

  • 196 — Жозе Моуринью («Челси»)

  • 185 — Кенни Далглиш («Ливерпуль»)

  • 177 — Юрген Клопп («Ливерпуль»)

  • 177 — Микель Артета («Арсенал»)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или